Елдегі жаңа парламент «Құрылтай» деп аталады

Елдегі жаңа парламент «Құрылтай» деп аталады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламентті құруға қатысты негізгі бастамаларды жариялады. Ол құрылымға сәйкес:

  • депутаттардың саны — 145 адам;
  • төрағаның үш орынбасары болады;
  • оның құрылымы 8 комитеттен аспайды;
  • бір палаталы парламенттің келісімімен Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата мен сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалады;
  • Президенттің ұсынысымен Жоғарғы сот судьялары сайланады.

Ал бір палаталы парламент мүшелері партиялық тізім бойынша сайланады. Сонымен қатар жаңа парламентте Президент квотасы да, Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы да болмайды.