Ұлытау облысының шекарасы белгіленді

Ел үкіметі осындай қаулы қабылдады. Құжат премьер-министрдің ресми интернет-ресурсында 14 қарашада жарияланған. Үкімет Ұлытау облысының құрамына Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы 18 миллион 893 мың 661 гектар болатын жерін беріп, Қарағанды облысының шекарасын өзгертуге қаулы етті. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Еске салайық, 8 маусымда президенттің жаңа облыстар – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы жарлығы күшіне енді.