Елімізде банк шоттарына биометриялық сәйкестендіру мен бұғаттау тәртібі нақтыланды.
Ұлттық банк 2026 жылғы қаулысымен қашықтан шот ашу кезінде клиенттерді міндетті түрде Face ID немесе басқа биометриялық әдістер арқылы тексеруді енгізді. Бұдан былай банктер клиенттің жеке басын деректер алмасу орталығы арқылы растауға тиіс.
Осы ретте шоттағы қаражатқа тыйым салу тәртібі де қатаңдатылды. Мұндай шаралар сот орындаушылары мен мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде жүзеге асырылады. Қаржы ұйымдары қабылданған шаралар жөнінде үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Бұл қаулы биыл мамыр айынан бастап күшіне енеді.
