Елімізде бензин мен дизель бағасын реттеу мерзімі шектелмейтін болды

Бағаны мемлекеттік реттеуге жататын мұнай өнімдерінің тізбесі өзгеріссіз қалды, – деді энергетика министрі. Бұған дейін бензин мен дизель отынын жанар-жағармай құю бекеттерінде сату бағасы 180 күнге белгіленіп, қажет болған жағдайда ұзартылатын. Тәулігіне 100 литр көлеміндегі дизель отынын қазақстандық жүргізуші көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсетіп, 230-260 теңгеге сатып алуға болады. Жүк көліктері, арнайы мамандандырылған көліктер мен автобустар үшін бір тәуліктегі лимит өңірге байланысты 300 литр. Қалған санаттағы тұлғаларға, сондай-ақ белгіленген лимиттен көбірек алатын адамдарға дизель отыны литріне 450 теңгеден сатылады.