Елімізде бір жылда азық-түлік 12 пайызға жуық қымбаттады

Ұлттық статитика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өзгермеді, ал жылдық мәнде 11,8%-ға өсті. Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
қарақұмық – 434 тг/кг;
пияз – 178 тг/кг;
тауық еті – 1235 тг/кг.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.