Сирияда болған қазақстандық содырдың 7 жасар қызы елге қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, оны қайтару бойынша гуманитарлық операцияға жарты жылдан астам уақыт кеткен. Қазір ол Астана қаласының балаларды қолдау орталығында.”Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Балақай медициналық тексеруден, бейімдеу және оңалтудан өтіп жатыр. Жуық арада ол туыстарына беріледі”, – делінген хабарламада.