Жазғы сауықтыру лагерлеріне санитариялық талаптар күшейтілді

Жазғы сауықтыру лагерлеріне санитариялық талаптар күшейтілді.

Бүгінге дейін 32 өтініш түскен, алайда тек бес лагерьге ғана ресми рұқсат берілген. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Қалған өтініштердің бір бөлігі қаралу үстінде, ал кейбіріне мүлде рұқсат берілмеген.

Лагерьлер санитариялық қорытынды алуға міндетті: ғимараттың тазалығы, ауыз су сапасы, желдету жүйесі, дезинфекция шаралары және қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі қатаң бақыланады.

Комитет өкілдері ата-аналарға балаларын жіберер алдында лагерьдің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының бар-жоғын тексеруге кеңес береді. Рұқсаты бар ұйымдардың жаңартылған тізімі апта сайын ресми сайтта жарияланып отырады.