Елімізде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі талқыланып жатыр

Елімізде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі талқыланып жатыр.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, қазіргі ең төменгі жалақы — 85 мың теңге. Орташа жалақы 302 мың теңге болғандықтан, халықаралық тәжірибеге сәйкес ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге жеткізу міндеті тұр.

Алайда түпкілікті шешім республикалық бюджеттің мүмкіндігіне байланысты қабылданады. Министр биылғы түсімдерге қарай қаржылық мүмкіндік бар екенін атап өтті.