Энергетика министрлігі мораторийден кейін бензин бағасына қатысты түсініктеме берді

Энергетика министрлігі мораторийден кейін бензин бағасына қатысты түсініктеме берді.

Вице-министр Қайыржан Тұтқышбаевтың айтуынша, мемлекет жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне жол бермейді. Бензин бағасы небәрі 1 теңгеге ғана көтерілді. Дегенмен, алдағы уақытта баға біртіндеп өсетін болады.

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын ұстап тұруға қатысты мораторий мерзімі аяқталды.