Елімізде ерлі-зайыптылар нотариалды келісімді бейнеқоңырау арқылы алуларына болады

25 қыркүйектен бастап бұл қызмет eGov Mobile платформасында қолжетімді. Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, бұл нотариалды келісім алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. “Азаматтар нотариусқа бармай-ақ қажетті келісімді тез әрі ыңғайлы түрде ала алады. Бұл процесс биометриялық сәйкестендірудің озық технологияларын пайдалана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді. Онлайн форматтың артықшылығы – уақыт пен нотариусқа баруға кететін шығындарды үнемдеу, сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта алу мүмкін”, – деді әділет вице-министрі.