Маңғыстау облысының тұрғыны жалған валюта жасап өткізген

Ер адам номиналы 50 АҚШ долларына тең жалған ақша сатқан. Бұл туралы Elorda.info хабарлайды. Агенттік қызметкерлері жалпы сомасы 3 850 долларға тең жалған валюта тәркіледі. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қамауға алынды. Заңсыз әрекетке басқа тұлғалардың қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.