Елімізде ипотека рәсімдеу шарттары өзгереді.
Енді бастапқы жарнаны көбірек төлеген азаматтарға несие мөлшерлемесі төмендетіледі. Жаңа тәртіпке сәйкес, азаматтың жарнасы 30 пайыздан асқан жағдайда ғана пайыздық мөлшерлеме азаяды. Пәтер құнының 30 пайызын бірден төлеген кезде жылдық мөлшерлеме 10–15 пайыз көлемінде белгіленуі мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, бастапқы жарнаны көбейту тұрғын үй сатып алуды қиындатады, ал әлеуметтік осал топтар үшін баспана алу арманға айналуы ықтимал. Ал экономистер, керісінше, бастапқы жарнаны 5 пайызға дейін төмендету қажет деп санайды.
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі әзірге дайын құжатты ұсынған жоқ.
