Елімізде электромобильдерге арнайы жасыл нөмір енгізіледі

Елімізде электромобильдерге арнайы жасыл нөмір енгізіледі.

Сенат цифрландыру мен көлік саласындағы жаңа технологияларды реттеуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Жаңа жүйе биыл жазда күшіне енеді, бірақ жүргізушілер нөмірді бірден ала алмайды. Ішкі істер министрлігі алты айлық өтпелі кезеңді ұсынып отыр.

Қосымша бюджет қаражаты бөлінбейді, себебі өзгеріс тек нөмірдің түсіне қатысты. Заң жобасында жүргізушісіз көліктерді реттеу және электросамокаттардың қозғалысына шектеу енгізу мәселелері де қарастырылған.