Turkish Airlines ұшағы Анталья әуежайындағы радиолокациялық діңгекке соқтығысты

Turkish Airlines ұшағы Анталья әуежайындағы радиолокациялық діңгекке соқтығысты.

Оқиға әуе кемесі жүру жолағымен тұрақ орнына бет алған кезде болған. Ұшақ қате жолаққа кіріп кеткен. Бортта 267 жолаушы болған, олардың барлығы эвакуацияланды. Оқиға салдарынан бір жолаушы жеңіл жарақат алды.

Boeing 777 ұшағы Ыстанбұл — Анталья бағыты бойынша рейс орындаған. Лайнер мен радиолокациялық діңгек зақымданды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Turkish Airlines компаниясына сілтеме жасап. Радиолокациялық діңгек әуе қозғалысын басқару жүйесіне тиесілі. Оқиғадан кейін Анталья әуежайы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.