Төтенше жағдайларға жауапты органдар дайын болмады

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. «Азаматтарды төтенше жағдайларға дайындаудың қазіргі жүйесі талапқа сай емес. Уәкілетті органдар жан-жақты түсіндіріп, оқу орындарында, мемлекеттік органдарда жүйелі түрде оқыту жүргізуі керек. Ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар»,-деді мемлекет басшысы. Қосымша ақпар, сейсмологиялық станциялар соңғы 5 жылда 45 мыңнан астам дүмпу жағдайын тіркеген. Оның көбі – төмен балдық жер сілкінісі.