Елімізде көліктерді тіркеу жүйесі жаңартылады

Мамандандырылған ХҚКО-ларда жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру шаралары басталды. Ресми мәліметке сәйкес, былтыр тамыз айынан бері 23 қылмыстық іс тіркелді. Осы істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген. Ал мемлекетке келген шығынның көлемі 14 млрд теңгеден асты.