Зейнетке шығуды «кейінге қалдыру» құқығы берілуі мүмкін

Бұл болашақта ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға мүмкіндік береді, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер. 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер әр қызметкерге өз есебінен 5% зейнетақы жарнасын аударуға тиіс. Жауапты ведомство зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер енгізді. Құжатта бұдан басқада бірқатар өзгерістер бар. Одан бөлек, қазір ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі пысықталып жатыр.