Депутаттар жануарларға қатыгездік көрсетуге байланысты заң жобасын қабылдады

Депутат Александр Милютиннің айтуынша, заң жобасы адамдар мен жануарлар арасындағы күнделікті қатынасты реттеу мақсатында әзірленген. “Заң жобасының негізгі міндеттері: жануарлармен қарым-қатынаста жалпы және арнайы талаптарды белгілеу, жануарларды қатыгездіктен, азап көрсетуден, өлімнен қорғау, қоғамның адамгершілік қасиетін нығайту, үйсіз жануарлардың санын реттеу үшін ақпарат қолжетімді болуы”, – деді Милютин Мәжіліс отырысында. Заң жобасында БАҚ-тың барлық түріне жануарларға қатыгездік көрсетуді насихаттауға тыйым салынған.