Елімізде шомылу маусымында 36 адам суға кеткен

Фото: www.azattyq-ruhy.kz

Бүгінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 81 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның ішінде 32-сі кәмелетке толмағандар. Бұл туралы ҚР төтенше жағдай министрлігі мәлімдеді. Тіпті шомылу маусымы басталғалы елде 36 адам суға кеткен. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін тәулік бойы 500-ге жуық құтқарушы 125 учаскені бақылайды. Айта кетерлігі, елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын бар.