Елімізде зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі өзгереді.
Еңбек министрінің бұйрығына сәйкес рәсімдердің бір бөлігі цифрлық форматқа көшіріледі. Қажетті мәліметтер мемлекеттік дерекқорлардан алынады, ал жетіспейтін құжаттарды азаматтар 25 жұмыс күні ішінде тапсыруы тиіс. Артық төленген қаражатты қайтару тәртібі нақтыланды. Өзгерістердің басым бөлігі биыл 12 шілдеден бастап күшіне енеді.
