Елімізде жөндеу жұмыстары қымбатқа түсетін көліктердің тізімі жасалды

Сақтандыру компаниясының мамандары ЖКО-дан кейін жөндеу және қалпына келтіру бойынша ең шығын көп автомобильдердің рейтингін құрастырды.

5-орында – Hyundai Accent. Қазақстандағы ең танымал, көпшілік қолдағы моделі. Негізгі шығындары жиынтық бөлшектерін ауыстыруға түседі: ГРМ белдігі, қабылдағыш құбырының кеңірдегі және электроника. ЖКО-дан кейінгі жөндеудің орташа құны 250 мың-600 мың теңге құрайды.

4-орында – Toyota Corolla. Автомобиль ұқыпты және уақтылы күтімді талап етеді, соның ішінде майын жиі ауыстыру қажет. ЖКО-дан кейінгі жөндеудің орташа құны 300 мың теңгені құрайды.

3-орында – Renault Kaptur. Көліктің ең негізгі кемшілігі – жанармайды көп талап ететіндігінде. Ал апаттан кейінгі жөндеу орташа бағамен 770 мың теңгеге тең.

2-орында – Kia Sportage. Күтімі қымбат көліктердің бірі. Шанақ жұмыстарын және жиынтық бөлшектерін ауыстыру бойынша ЖКО-дан кейінгі жөндеуіне орташа бағамен алғанда 600 мың-900 мың теңге кетеді.

1-орында – Nissan X-Trall. Бұл көліктің рейтингтің көш басына жайғасуы бекер емес. Аталған автоның апаттан кейінгі жөндеуі орташа бағамен алғанда 1 млн теңгеге түседі.