Тоқаев қазақстандықтар босаңсып кеткенін мәлімдеді

Қазақстан президенті “Біз біргеміз” онлайн форумындағы бейнеүндеуінде қазақстандықтар ТЖ режимі тоқтаған соң босаңсып кеткенін айтты. Оның сөзінше, әлдекімдер, тіпті, аурудың жоқтығы жайлы қауесетке сене бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

“ТЖ режимін тоқтатқан соң біз босаңсып кеттік. Мұны мойындау керек. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер нағыз қауіпті сәт артта қалды деп ойлады. Қауіп-қатерді жеткілікті түрде бағаламады, медициналық ережелерді сақтамады. Ал кейбір азаматтар бұл ауру жоқ деген қауесетке сене бастады. – деді Тоқаев.