Елімізде жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осындай қаулы қабылдады. Ведомствоның функцияларына жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; жасанды интеллект технологияларын дамыту саласында нормативтік құқықтық реттеуді әзірлеу және іске асыру; салааралық үйлестіруді жүзеге асыру кіреді.