Еліміздегі әуежайлардың vip-залдарында қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі кеңейтілді

Бұдан былай, елдегі әуежайлардың vip-залдарын “Алтын қыран”, “Халық қаһарманы”, “Қазақстанның Еңбек Ері” атақтарының иегерлері пайдалана алады. Үкімет қаулысы биыл сәуірдің 30-нан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл қызмет тізбегіне 55-ке жуық санаттағы адамдар кіреді.