Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған төрт адамға 6 жыл түрме жазасы берілді

Алматы соты Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған төрт адамға алты жыл түрме жазасын берді. Бұл туралы Азаттыққа 24 мамырда қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Төртеуі де өткен аптада “Тонау” бабының 3-тармағы негізінде қозғалған бір қылмыстық іс бойынша сотталған. Қылмыс “төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан” жаза ауырлаған. Істің басқа да мән-жайы хабарланбады. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16-20 мамыр аралығында Алматының қылмыстық соттарында 11 үкім шыққан. Он істегі 17 адам бас бостандығынан айрылған. 11 істің тоғызы “Ұрлық” бабы негізінде қозғалып, 15 адамның ісі қаралған.