Еліміздің 13 өңірінде су тасқыны қаупі бар

Еліміздің 13 өңірінде су тасқыны қаупі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Оның айтуынша қар ерігенде 255 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Бұл ауылдарда 127 мыңнан астам үй бар. Мұнда 700 мың адам тұрады. Ильиннің хабарлауынша, қауіптенудің бірнеше себебі бар. Мәселен, жергілікті өзен арналары толып кетіп, балдырланған. Қажетті дренаждық-арық жүйелері де жоқ. Гидротехниканың басым бөлігі тозығына жеткен. «Ведомство жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, алдағы көктемде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстарында су тасқынының тәуекелдері жоғары», – деді Ильин.