Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмас Нұразхан ұсталды

Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмас Нұразханды ұстады. Ол 221 млн теңгені жымқыруға қатысты деген күдікке ілініп отыр. Қаржы “Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі” халықаралық көрмесі жобасына бөлінген еді. Қазір Алмас Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды. Бұған дейін ұсталған ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы және басқа да тұлғаларға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Олар да бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлады деген күдікпен құрықталған еді. Тергеу барысы әзірге жарияланбайды.