Еліміздің 13 облысында ұн бағасы шарықтады

Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков осылай деп мәлімдеді. Үкіметте оның себебі талқыланды. «Жекелеген өңірлерде бидай бағасының өсуіне бірнеше фактор себеп болды: күн райының қолайсыздығы, отандық астық өңдеушілерге Ресейден жетізілетін астықты тасымалдауға вагондардың жетіспеушілігі», – делінген хабарламада. Ұн бағасының өсуі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелді.Үкіметтегілер Азық-түлік корпорациясының арзандатылған астығын өңірлерге жедел жеткізу және оны өңірлердегі ұн өндіруші операторларға беру үшін шұғыл шаралар әзірледі. Әзірге Түркістан облысына ғана арзандатылған астық толық жеткізілді.