Еліміздің ауыл шаруашылығы саласында басшылық қызмет еткен үш тұлға ұсталды

Еліміздің үш өңірінде ауыл шаруашылығы басқармаларында басшылық лауазымда қызмет еткен үш тұлға ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазянды, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеевті және Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаевты ұсталғанын хабарлады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-ші бабына сәйкес жарияланбайды.