Түркістан облысында қойшы мен 1150 қой өртеніп кетті

Түркістан облысында алапат өрт болып, мыңнан астам қой қырылды. Оқиға орнында бақташының да мүрдесі табылды. Тілсіз жаудың себебі қазір анықталып жатыр. Оқыс оқиға Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығында болған. Онда қора түгі қалмай өртеніп кеткен. Қызыл жалын 1 мың 150 қойды жалмап, 150 тонна шөпті күлге айналдырған. Шамамен 800 шаршы метр аумақ бүлінген.