Еліміздің білім беру саласына бірқатар өзгерістер енгізілмек.
Заң жобасы мұғалімдердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Осы ретте оқушының мектептен тыс уақытына ата-ана жауапты болады. Мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тек оқу-тәрбие процесі кезінде және қызметтік міндеттері аясында ғана жауап береді. Демалыс уақытында балаларға ата-аналар жауапты.
Мұғалімдер есептілікті бір нұсқада — электронды немесе қағаз жүзінде тапсырады. Бұл олардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
