Еліміздің шекарасынан өту үшін короновирусқа қатысты тест нәтижесі талап етілмейді

Еліміздің шекарасынан өту үшін короновирусқа қатысты тест нәтижесі талап етілмейді, хабарлайды Авторадио Казахстан.

Ел аумағына кіріп шығу тәртібіне осындай өзгеріс енді. Медициналық қызмет алуға келген шетелдік азаматтарға да еш кедергісіз қатынай беруге болады.

Бірақ емделуге келгенін растайтын құжат болуы қажет. Елімізде білім алып жатқан шетелдік студенттердің де Қазақстанға кіруіне қатысты талаптар жеңілдеді. Жалпы шет елдерден келген азаматтардың мәселесін ведмоствоаралық комиссия қарайды және жекелеген жағдайларда ресми рұқсат беру мәселелерін шешеді.