Елорда мен Алматыда 5G сынақтан өтіп жатыр

Бұл туралы цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Министр Instagram желісіндегі парақшасында алғашқы сынақтар жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын хабарлады. “Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлдік”, – деді Мусин.