Елорда әуежайының басқарма төрағасы болып Юсуф Альджавдер тағайындалды

Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды. Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Айта кетейік, былтыр қараша айында Астана қаласының әуежайы «Terminals Holding» (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.