Қайтарылған жерлерді бөлуге арналған конкурстардың шарты қайта қаралады

Жерді бөлудің жаңа ережелері мен принциптерін әзірлеу қажет, деді премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин. “Байқау шарттарын бизнес-қоғамдастықпен, әкімдіктермен және басқа да мүдделі қатысушылармен талқылаған жөн. Топырақты, өсімдік құрамын сақтау, заманауи технологияларды пайдалану бойынша қарсы міндеттемелер қою керек”, — деді Серік Жұманғарин. Бұдан былай бес жыл сайын учаскені зерттеу жүргізіледі. Егер өнімділіктің нашарлауы анықталса, тиісті шаралар қабылданады.