«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Бүгіннен бастап «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылданады. Қала билігі мен «Отбасы банкі» жобаны жүзеге асыру үшін 3 млрд теңгеден аса қаражат бөлген. Бұл қаржы 200-ге жуық адамды баспанамен қамтуға жеткілікті. «Елорда жастары» бағдарламасына жасы 35-тен аспаған, тұрақты жұмысы бар мамандар қатыса алады. Мұнан бөлек үміткерлер қалада кемі 1 жыл тіркеуде болуға тиіс. Жобаға мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, коммуналдық қызмет өкілдері қатыса алады. Сондай-ақ жетім балаларға жіті мән беріліп отыр. Құжаттарды тұрғын үй қорына онлайн арқылы тапсыру қажет. Ипотека 5 процентпен 20 жылға беріледі. Алғашқы жарна – 10 процент. Жобаны қаржыландырып отырған банк 18 миллион теңге ұсынады. Осы қаржығы жаңадан салынған үйлерден де, екінші нарықтағы баспанадан да пәтер қарастыруға болады.