Елордада медицина қызметкерлері вакцинация паспортын құпиясөз арқылы сатқан

Жалған құжат жасаған үш күдікті ұсталды, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 38 және 40 жастағы екі медицина қызметкері, және күдіктілердің бірінің 44 жастағы жұбайы қамауға алынған. Полиция мәліметінше, соңғы үш айдың ішінде медицина қызметкерлері екпе алмаған адамдарға вакцинация паспорттарын ақшалай өтемақыға жасап берген. Олар төлқұжат алғысы келетіндерді тек достарының ұсынысы бойынша және алдын ала төлем алғаннан кейін қабылдаған. Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл баптың санкциясы төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.