Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 5 адам қаза тапты

Маңғыстау облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бес адам қаза тапты, оның ішінде жүкті әйел де бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “Биыл 16 қыркүйекте сағат 1.48-де Lexus LX 470 автокөлігі аударылды. Көлік тізгініндегі 27 жастағы қыз, оқиға орнында қаза болды. Қаза болғандардың екіншісі 1966 жылы туған әйел, үшіншісі Жаңаөзен қаласының 31 жастағы тұрғыны, әйел жүктіліктің 27-ші аптасында болған. Қалғандары 1964 және 1967 жылдары туған екі ер адам. Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлығы тоғыз адам зардап шеккен. Бес ересек адам оқиға орнында қаза болды. Қалған төрт бала түрлі дәрежедегі жарақаттар алған”, – делінген хабарламада.