Елордадағы 10 мектепке ұлтқа еңбегі сіңген тарихи тұлғалардың есімі берілді

Елордадағы 10 мектеп пен 2 мәдениет мекемесіне тарихи тұлғалардың есімі берілді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Facebook парақшасында хабарлады. № 35 мектеп-лицейге Нəзір Төреқұловтың, № 51 мектеп-гимназияға Мұстафа Шоқайдың, № 53 мектеп-лицейге Бауыржан Момышұлының, № 54 мектеп-лицейге Ақселеу Сейдімбектің, № 61 орта мектепке Қаныш Сəтбаевтың, № 67 гимназияға Ілияс Есенберлиннің, № 74 мектеп-гимназияға Мұқағали Мақатевтың, № 78 мектеп-гимназияға Смағұл Сəдуақасұлының, № 86 мектеп-гимназияға Мұхтар Әуезовтің, № 90 гимназияға жазушы Қайым Мұхамедхановтың, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясына Еркеғали Рахмадиевтің, Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің «Nomad City Hall» театрына Əзірбайжан Мəмбетовтің есімі берілді. Құтты болсын!”, – делінген жазбада.