Алматыда жүк көлігі Toyota-мен соқтығысып, бір адам қайтыс болды

Алматының Алатау ауданында түнгі сағат 12-ге таман жол апатынан бір адам қаза тапты деп хабарлайды Zakon.kz. Mercedes маркалы жүк көлігінің жүргізушісінің сөзінше, ол Боралдай зиратына қарай солтүстік бағытта келе жатқан. Ол бұрылысқа жақындаған кезде күтпеген жерден алдынан Toyota Avensis маркалы көлік шыға келген. Полицейлер мен криминалистер жол апатының мән-жайын анықтауда.