Енді шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан қазынасына цифрлық салық төлейді

Қызметтер мен тауарларын онлайн платформа арқылы сататын шетелдік компаниялар ел бюджетіне қосымша құн салығын төлеуге міндеттелді. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12 процентіне тең. Ұлттық экономика министрлігі келер жылдан бастап Google салығынан ел бюджетіне жыл сайын 2 миллиард теңге түседі деп болжап отыр.