Ресейдің төтенше жағдайлар министрі адам құтқарамын деп қаза болды

Ресейдің төтенше жағдайлар министрі адам құтқарамын деп қаза болды. Евгений Зиничев арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығулар барысында қызметтік міндетін орындау кезінде опат болды. Ол адам өмірін құтқаруға тырысқан делінген ресми хабарламада. “Россия сегодня” және RT бас редакторы Маргарита Симонян Ресей ТЖМ басшысының өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін айтты. “Олар оператормен бірге жолдың шетінде тұрған. Бір сәтте оператор тайып, суға құлап кетті. Зиничев құлаған адамның артынан суға түскенде, судан шығып тұрған тасқа соғылды”, – деп жазды бас редактор Telegram-арнасында.