Ертең, 5-інен 6 маусымға қараған түні айдың тұтылуы болады

Табиғи құбылысты барша қазақстандықтар көре алады. Бұл туралы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Биыл алты рет тұтылу болады. Екі рет күн, төрт рет ай тұтылады. Айдың тұтылуы қаңтар, маусым, шілде мен қарашаға түсіп отыр “5 маусым – жұма күні толған ай болады, одан кейін жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы басталады. Негізі, айдың тұтылуын жиі көруге болады.

Ол кезде аспандағы Ай планетамыздың дәл ортасында тұрады”, – деді Солодовник. Сондықтан қиыр солтүстіктен басқа Еуразия тұрғындарының барлығы дерлік табиғаттың көркем құбылысын тамашалай алады. Дегенмен, айдың тұтылуын көру үшін біршама дайындалу керек.

Ғалымның айтуынша, Ай батыстан шығысқа қарай жылжып, Жердің күңгірт көлеңкесінің солтүстік жағы арқылы өтеді. Жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы үш сағаттан аса жалғасады.  “Ертеңгі тұтылу түнгі сағат 23:43-те басталып, 03:06-ға дейін жалғасады.