Ақан Сатаевтың «Томирисін» сомдаған ару қалыңдық атанды

Салтанат Серкебаева Томиристің бойжеткен кезін сомдаған болатын.

Естеріңізде болса, ол Мөлдір Әуелбекованың Назар тобында өнер көрсеткен болатын. Бойжеткеннің таңдауы Сұлтан Құлатаев деген жігітке түскен.

Серкебаеваның сүйіктісі де өзі секілді өнер саласынан алыс емес болып шықты. Күйеу жігіт түрлі мәдени іс-шараларды жүргізіп, желіде өлең оқу шеберлігін паш етіп жүр.

Еске сала кетейік, “Томирис” фильмінен кейін Салтанат Серкебаева “Назар” тобынан кетіп, жеке әншілікті қолға алмақ ниетте болған.