Еуразиялық экономикалық одағы елдерінен кіргізілген автокөліктердің уақытша жүру мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл уақытқа дейін көліктерді тіркеуге қою керек немесе елден шығару қажет. Шешім 2020 жылдың 1 наурызынан бастап Еуразиялық экономикалық одағына кіргізілген шетел нөмірлері бар барлық көліктерге қатысты. Колеса.кзттің жазуынша мұндай көліктердің көбі Қазақстанға Грузиядан келген. Бұл санаттағы көліктердің иелеріне айыппұлдар мен кеден салығы салынбайды.