Фейк: Pfizer вакцинасының бағасы – 50 000 теңге

Қазақстанда коронавирустың “омикрон” штамы анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Цой министрлік коронавирус штамдарына тұрақты түрде мониторинг жасайтынын атап өтті. “Коронавирустың жаңа “омикрон” штамының пайда болу қаупін ескеріп, Алматы қаласында осы штамға тән мутацияның бар-жоғына ПТР-скрининг жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша “омикрон” штамы анықталған жоқ”, – деді Цой. Айтуынша, елдің бүкіл өңірінен алынған оң сынамаларды толық геномды секвенирлеу жалғасып жатыр.