Шекарадағы бақылауды күшейту қажет – Асқар Мамин

Елде эпидемиологиялық ахуал тұрақты, деп хабарлайды Хабар 24. Тек Ақмола облысы ғана бүгін қауіпті аймаққа қайта өтті. Сары аймақта Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Ал қалғаны – жасыл аймақта. Алексей Цойдың айтуынша, елде екпенің екі бірдей дозасын салдырғандар қатары 8 млн 200 мыңнан асты. Бұл – бұқараның 72,4 проценті. Сала басшысының есебін тыдаған премьер-министр енді шекарадағы бақылауды күшейтуді тапсырды. Асқар Мамин осы орайда туристер мен шетелден оралған отандастармызды мұқият тексеру қажеттігін айтты.