Франция соты Мұхтар Әблязовке айыппұл салды

Апелляциялық сот қазақстандық олигархқа сотқа келмегені үшін айыппұл салу туралы шешім шығарды. Бұл туралы ақпарат БТА банкінің сайтында пайда болды. Мұхтар Әблязов жауап алу үшін 2021 жылғы 15 және 16 маусымында Экс-ан-Прованс сотына келуі керек еді. Кездесу алдындағы соңғы сәтте Әблязов адвокаты арқылы саяси қуғын-сүргіннен қорқып, француз сотының нұсқауын орындауға ниеті жоқ екенін мәлімдеді. “Кейін БТА банкі Аблязовқа сотқа келмеуіне байланысты айыппұл тағайындау туралы өтініш берді. “БТА банкі Франция сотының әділ шешімін құптайды. Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары сот процестеріне адал қатысудан бірнеше рет бас тартып, көп сот шешімін бұзған, соның ішінде АҚШ-та олар жауапқа тартылып, оларға айыппұл салынған”, – делінген хабарламада. Еске салайық, Қазақстанда Әблязов БТА банктен 7 миллиард долларға жуық ақша жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылды, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.