Футболшы Валиуллин допингпен ұсталды

Футболшы Валиуллин допингпен ұсталды. Бұл жөнінде инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында мәлімдеді. Ол жерде ұлттық құраманың мүшесі және қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы допинг сынақтан сүрінгені айтылған. Сол себепті Руслан Валиуллин Босния және Герцоговинаға қарсы кездесуге қатыспады. Рұқсат етілмеген қандай нәрсе табылғаны белгісіз. Бұл сынақтың қай ойыннан кейін алғаны да анық емес. Менің ақпаратым бойынша жағдай қиын деді инсайдер. Айта кетейік, Руслан Валиуллин әлем чемпионатының іріктеуі аясында Украинаға қарсы ойнап, екі гол соққан еді. Ал кейін Финляндия және Босния құрамаларына қарсы кездесуге қатыспады.