Ресейде коронавирусқа қарсы “ЭпиВакКорона” вакцинасының өндірісі басталды

“ЭпиВакКоронаның” тіркеуден кейінгі сынақтары таяу уақытта басталады, оған 40 мың ерікті қатысады, олардың арасында 60 жастан асқан және созылмалы аурулармен ауыратындар да бар, деп , деп хабарлады Рос-потреб-надзор. Вакцинаны бұлшықетке 0,5 миллилитрден екі рет енгізу ұсынылып отыр, аралығы кем дегенде 14-21 күн болуы тиіс, деп жазды РИА Новости. Дәрі-дәрмекті жаппай жеткізуді қараша-желтоқсан айларында бастау жоспарланған. Препарат азаматтық айналымға 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.